Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияда «Лирика зимы» атты шығармашылық кеш өтті. Сезімге толы, мазмұны терең концерт жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылып, көрерменге әсем әуендер мен лирикалық шығармаларды ұсынды. Мерекелік кеште жылдың ең таңдаулы әндері бір сахнада тоғысты.
Жобаға филармония ұжымы бірнеше ай дайындалған. Концерттің басты ерекшелігі – барлық әндердің жергілікті ақындар мен композиторлардың туындылары болуы. Бағдарламаға махаббат, сезім, қарым-қатынас пен өмірдің нәзік сәттерін бейнелейтін лирикалық шығармалар енген.
Салауат Темірболатұлы, «Лирика зимы» жобасының авторы
Мақсатымыз осы біздің филармонияға соңғы осы маусымда, соңғы жылы келіп жатқан жас буын әншілерімізді көрсету. Өйткені олар оркесторда ойнағанда артта отырады, ешкім тани қоймайды. Жас әншілер кейде олардың репертуарлары аз болады. Барлық концертке қатыса бермейді. Көрермендері білмейді. Осы концертте олар өздері жеке таланттарын көрсетіп, толық фантазияларына, шығармашылықтарына мүмкіндік беріп отырмыз. Керемет өздерінің өнерлерін көрсетіп жатыр.
Концерт жас орындаушылардың талантын ашып, көрерменге жақын танылуына мүмкіндік береді. Ұжым өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін қолдауға ерекше мән берді.
Камила Мусина, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның әртісі
Мен 3 ән дайындаймын. Біріншісі ол Явление, екінші ол дуэтпен айтылатын ән Екі жұлдыз деген, және Аққулар әні ол да дуэтпен айтылатын ән.
Орындалатын әндер жүрекке жылы әсер қалдырып, терең ойға жетелейді. Музыкалық кеш көрерменге ерекше көңіл күй сыйлап, жылды әсем әуенмен қорытындылауға мүмкіндік берді.
Сабина Жолдаспаева