Железин ауданы Мыңкөл ауылында су жаңа педициналық пункт ашылды. Алыстағы ауыл тұрғындарының қуанышына біздің түсірілм топ куә болды.

Жаңа медициналық пункт ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында салынған 30 нысанның бірі. Салатантты ашылу шарасына ауыл тұрғындары жиналды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік батырғжинов құттықтап сөз алды.

Серік Батырғожинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

Ел Президенті ауылдың денсаулық сақтау саласын модернизациялау жөніндегі бағдарламасын жариялағаны белгілі. Осы бағдарлама аясында облысымызға 30 медициналық нысан салу жоспарланды. Сол 30 нысанның ең соңғысы сіздердің ауылға салынды. Баршаңызды құттықтаймын. Игіліктеріңізге жарасын! Ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтатын, жоғары сапалы қызмет алатын орын болсын! С праздником

Бұған дейін ауылдың 289 тұрғыны, оның ішінде 81 бала, медициналық қызметтерді көршілес Михайловка ауылында, Тереңкөл ауданында немесе облыс орталығында алып келген. Бұл жағдай, әсіресе егде жастағы адамдар мен балалы отбасылар үшін қосымша қиындықтар туғызды.

Алғашқы кезеңде медициналық пунктте қабылдауды Железин аудандық ауруханасының көшпелі дәрігері жүргізеді. Қабылдау аптасына бір рет жоспарланған. Медициналық пункт алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге және диагностика жүргізуге арналған заманауи жабдықтармен қамтылған.

Медициналық пункттің ашылуы ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық көмекке тұрғылықты жері бойынша қолжетімділікті қамтамасыз етеді.