Павлодар облысында 1 жастан енді асқан баладан қызылша ауруы анықталды. Қазір еліміздің басқа облыстарында вирус өршіп тұр. Павлодар өңірі көршілес шет елдермен шекаралас жатқандықтан, санитарлық дәрігерлер індеттің алдын алмаса отит, пневмония, энцефалитке шалдығу қаупі бар екенін айтты.

Елімізде 75 адамнан қызылша ауруы анықталды. Оның ішінде 68 жағдай балалар арасында тіркелді. Белгілі болғандай 11 азамат ауруды шет елден жұқтырған. Індет Алматы қаласында өршіп тұр. 38 адам қазір ем қабылдап жатыр. Түркістан облысында 13 жағдай расталған. Қарағандыда 3 және Астана қаласында мектеп оқушысы ауырып жатыр. Павлодар облысында 1 жастан асқан баладан анықталған. Ол ауруханада тиісті емдік шараларын қабылдап, жазылып шықты.

Айгүл Мұқышева, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары м.а.:

Біздің аймағымызда 3 жағдай тіркелген. Оның ішінде біреуі ғана қазіргі күнде қылызша ауруы бекітілген. Қалған балалар басқа диагнозбен шешілген. Қазіргі күні біз 95 пайыз вакцинаны балаладарға жеткізуіміз керек. Сондықтан бүгінгі күнді 12 ай 15 жастағы балалар және де 6 жастағы балалар вакцинаны қызылшаға қарсы вакцинаны алу керек.

Ақ халаттылар бұны кейбір ата-аналардың күнтізбе бойынша қойылатын екпелерден бас тартуынан дейді. Айтуынша, вакцина алған балалар аурудан жеңіл өтіп, тезірек сауығады. Қазір өңірде 375 бала қызылшаға қарсы екпе алған. Дәрігерлер ауа арқылы таралатын жұқпалы вирустың негізгі белгілерін атап өтті.

Айгүл Мұқышева, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары м.а.:

Аурудың белгілері дене қызыуы көтерілуі мүмкін. Одан кейін насморк дейді мұрын бітеледі. Жөтелу ары қарай өкпесіне түсуі мүмкін. Одан әрі денеде басынан бастап аяғына дейін денесінде қызылша, сыпь болады. Ең ақырында аяғында миндалиндарында пятка коплика деп аталады солар болуы мүмкін. Және де бұған қарсы ифа методика иммуноглабулин Мға анализ алынады. Сол анализ референс лабораторияға жіберіледі.

Аурудың асқынып кетуі адам ағзасының иммунитетіне байланысты болады дейді дәрігерлер. Дұрыс жүргізілмеген емдік шараның да зардабы бар. Дәрігерлер қызылша ауруын алдын алу - вакцинация екенін ұмытпаған жөн дейді. Себебі сырқаттанған балалардың 70 пайызы екпе алмаған. Атап өтейік, өңірде Индияда өндірілген вакцинаның 19 мың 500 дозасы бар.

Әйгерім Тоқпанқызы