Павлодарда Ертіс өзеніне батып бара жатқан еліктің лағы құтқарылды. Түз тағысын адамдар алдымен қала көшелерінің бірінде көріпті. Іле қаңғыбас иттер қуып, біраз талаған көрінеді. Әбден қысылған жабайы жануар Ертісті кешіп өтіп, арғы беттегі тоғайға паналамақ болғанға ұқсайды. Бір шығып, бір батып бара жатқан жерінен құтқарушылар алып шықты. Ветеринарлық клиникаға апарып тексерткеннен кейін, еңлік табиғат жанашырларының қарауына тапсырылды. Соңғы уақытта аймақта Сібір еліктерінің саны күрт көбейген. Ертістің қос қапталының өзінде мыңдап өреді, дейді мамандар.