Алда мамаыр айындағы мерекелер. 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі, 7- мамыр қарулы күштер күні. Ал, 9- мамыр күні Жеңіс күні тойланады. Әр мерекенің маңызы мен мәні айрықша. Бұл мейрамдар өңірімізде қалай тойланады? Келесі сюжетке көз салыңыздар!

Бірлік күні - дәл қазіргі уақытта айрықша маңызға ие блып отыр. Ішкі ынтымағы жарасқан, мызғымыс берекесі қалыптасқан ел ғана тұрақты даму жолына түспек. Ол үшін барша халықтың арманы мен мақсаты, болашағы бір арнаға тоғыспақ керек.

Мамыр мерекелеріне орай облыста мыңға жуық шара өтеді. Оның 320 дан астамы бірлік күніне орай ұйымдастырылады. Музейлерде көрмелер ұсынылып, бірқатар концерт те қойылады. Ал, Павлодар қаалсында 30-дан астам мееркелік бағдарлама жоспарланған.

Ал, 7-мамыр ҚР қарулы күштерінің күніне орай да облыс бойынша 300-ден астам шара жоспарланған. Өңіріміздегі әскери бөлімдердің қатысуымен музыкалық кештер ұйымдастырылады. Салтанатты шара 5-мамыр күні Естай мәдениет сарайында өтеді.

Ал, 9-мамыр жеңіс күніне орай облыстық архивте көрме, әскери даңқ музейі алдында реканструкция, Бұқар жырау музйінде майдангер қаламгерлерін еске алуға арналған көрме ұйымдастырылады.

Бүгінде Павлодар облысында Ұлы Отан соғысының 12 ардагері өмір сүріп жатыр. Осы ардагерлерге және өзге де бейбітшілік мақсатындағы іс-қимылға қатысқан ардагерлерге бір реттік материалдық көмек қарастырылған.

Павлодар обылсындағы ең қарт соығс ардагерлері 100 жаста болса, ең жасы 95 жаста.

Жанасыл Серікбол