Қазақ – бауырмал халық. Қазір бір шаңырақ астында түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Дархан даламыздай көңіліміздің кеңдігі - дәл осы 1 мамыр сынды айтулы мерекеде аңғарылып тұрады. Конституция алаңына жиналған халық бірлігі жарасқан елде тұрып жатқанын айқын көрсетті.

Бүгінде елімізде 134 ұлт өкілдері ауызбіршілік пен ынтымақта өмір сүріп келеді. Олар небір қиын-қыстау заманды өткерді. Сондықтан халық бірлігі этностар үшін аса қымбат құндылық.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Бүгінгі мереке баршамызға құтты болсын. Бірлігіміз жараса берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып. Халықаралық достығымыз жараса берсін. Басты құндылық ол халықаралық достық. Осы ауызбірлік бар жерде берекеде болады. Дәулетте болады. Ынтымақта болады. Сондықтан. Бірлігіміз әрқашанда дамып, әрқашанда көркейе берсін.

Бұл күні өңірімізде тұратын 24 этномәдени бірлестік мүшелері «Бірлік» жазуы бар билбордтқа өздері күтіп баптаған гүл шоқтарын орнатты. Бұл бірлігі жарасқан елдің нышаны болмақ. Одан кейін «Конституция» алаңына жиналған этнос өкілдері ән айтып, би биледі.

Дмитрий Бабулиди, Грек этномәдени бірлестігінің мүшесі:

Қазақстан өте көп ұлтты. Және біз бір шаңырақ астында татулықта өмір сүреміз. Және бүгін мен барлық Қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының бірлігі күнімен құттықтаймын.

Айгүл Жұмағұлова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Қазақ елі көп ұлтты мемлекет. Барша ұлт өкілдері қазақ елінде бір ұлт өкілдеріндей өмір сүріп жатыр. Тек бірлікте. Осындай қазақ елінде қаншама ұлт өкілдері тұратынына мақтан тұтамын. Баршаларыңызға мереке құтты болсын. Тек қана бірлік болсын.

Құралай Уақбаева, «Нұр ана» ҚБ мүшесі:

Мерекеміз құтты болсын. Отанымыз аман халқымыз тыныш болсын. Барлық халықтарының бірауызда бүкіл халқыма мықты денсаулық, мызғымас денсаулық, мықты бірлік. Барлық жақсылықтарды тіледім.

Дильназ Айтайлақова, Әзербайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі:

Мен шын жүректен Қазақстанда тұрған барша халықты 1 мамыр мерекесімен құттықтаймын. Баршамызға шын жүректен татулық, зор денсаулық, байлық тілеймін.

Мерекелік шараға орай бірлестік мүшелері ұлттық бұйымдардан құрылған көрме ұйымдастырды. Шаһар тұрғындары әр халықтың мәдениетімен танысты. Спорттық жарыстар да өтті. Салтанатты бағдарламаның арнайы қонағы «Хеллоу» әнімен танымал Алина Герц келді.

Алина Герц, әнші:

Павлодар өңірінің тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жалпы, Қазақстан көптеген елдерді біріктіріп тұрған елдердің бірі болып келеді. Мен тұрған жерде украйндар, белорусстар солармен бірге өскен адаммын Қазақстан халқының уникальность деп айтады ғой. Сол нәрсе. Мен өте қуаныштымын, бүгінгі мереке көптеген өте қуаныштымын Павлодарда болғаныма.

Еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Ассамблеяның 32 сессиясында ел Президенті осылай деді.

Әйгерім Тоқпанқызы