Еліміз бойынша «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық диктант басталды. Жазу сынағында 200 жуық павлодарлық студент белсенділік танытты.
Жалпыұлттық диктант ел бойынша бір уақытта басталды. Республиканы қамтыған шараға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық универститетінің 200 жуық студенті атсалысты. Университет маманының айтуынша, мұндағы студенттер диктантты өте сауатты жазады.
Республикалық ақыл-ой жарыстарында төбе көрсетіп жүрген Валерия Сейсекина үшін диктант жазу қиынға соқпады.
Ауқымы кең шараға кез келген адам қатыса алады. Жас аралығында шектеу жоқ. Өңіріміздің студенттері үнемі бой көрсетеді. «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық диктанты жастардың бойында ұлы сезім – Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.
Ақмаржан Қалымбек