Ертіс телеарнасының түсірілім тобы Түркістан еліндегі іссапарда Отырар ауданының орталығы Шәуілдірден 20 шақырым қашықтықта бой көтерген Арыстанбаб кесенесіне барды. Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Алдағы сюжетте толығырақ баяндалады.
Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Арыстанбаб кесенесі – ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Әулие кесенесі 12 ғасырда жергілікті халықтың күшімен іргесі қаланып, қайта құлаған. Кейін, 14 ғасырда Әмір Темірдің пәрменімен бой көтерді. Мешіт қабырғасында Мекке бағытын көрсететін ойық-михраб бар.
Маржан Дулат , Арыстан Баб кесенесінің таныстырушысы:
Арыстанбаб бабамыз деректі мағлұматтар тек Қожа Ахмет Ясауиидың хикметінде ғана айтылған. Бұл кісі сонау пайғамдарымызға жебірейлі періштелер арқылы берілген бір ғана аманат құрманы ұртында сақтап, жеті жасында Қожа Ахмет Ясауии бабаға жеткізген... Қожа Ахмет Ясауии айтып кеткен.
Әулие кесенесі екі бөлімнен тұрады. Сол жағында Арыстанбаб қабірі,қасында екі шәкірті Қарға баб, Лашын баб, шырақшысы Шерінбет Әздер жерленген. Діндардың қабірінің ұзындығы 3 метр, 90 см. Ал, оң жағында құнды мәліметтер сақталған музей қоры бар.
Киелі жерге ниеттеніп келген халыққа арналған арнайы бөлме де қарастырылған. Мұндай қасиетті жерлердің сұлулығын сөзбен айып жеткізу мүмкін емес. Бұл жердің рухын өз көзіңмен көріп, сезіну, энергия алмасу адамзатқа тылсым күш береді.
Мөлдір Сағидолла