Ауыл шаруашылығы –экономиканың маңызды бағыты. Десек те бүгінгі таңда бұл саладағы мамандардың жетіспеушілігі басты түйткілдердің біріне айналып отыр. Осы орайда, мәселенің ауқымы қандай және қай мамандар тапшы? Әріптесім Жұлдыз Қабылденова зерделеп көрді.

Өңірде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және қайта өңдеумен айналысатын 7000-ға жуық кәсіпорын бар. Бүгінде бұл саладағы кадр тапшылығы өзекті мәселе болып отыр.

Әсет Байманқұлов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ның бөлім басшысы

«Кадр тапшылығы негізінен ауылдық аудандарда байқалады. Әсіресе, тракторшы-машинистер, мал шаруашылығы кешендерінің операторлары, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсететін мамандар, ауыл өнімдерін қайта өңдейтін бағыттар бойынша жетіспейді кадрлар. Бұл бос орындар негізгі толтыру жолдары жұмыспен қамту орталықтары арқылы, сондай-ақ колледждерде даярлау арқылы жүзеге асады. Жас мамандар бар, бірақ олардың үлесі кадрлық құрамды толық жаңартуға жеткіліксіз. Көпшілігі қалада немесе басқа салаларда жұмыс істеуді қалайды. Мысалы зауытарға кетеді, басқа да өндірістік кәсіпкерлерге, басқа жұмысқа ауысады.»

Облыстағы мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың бірінде тракторшылар тапшы. Шаруашылық басшысының айтуынша, жаңа цифрлық техникалар сатып алынғанымен, онымен жұмыс істей алатын мамандар жоқ. Сол себепті жұмысшыларды қайта даярлауға мәжбүр.

Ермек Жакетаев, шаруа қожалығының басшысы

«Қазіргі күнде тракторист мамандары өте сондай күрделі. Бізде тракторист жоқ. Сол трактористер болса, жақсы болар еді. Жалақыларын да дұрыстап қоямыз. 500-700 мыңға дейін қоямыз айлықтарын. Бірақ та дұрыс маман болмай тұр қазіргі күнде. Біздің техника паркіміз ұлғайып жатыр. Жаңа техникалар алып жатырмыз: жаңа косилкалар, жаңа комбайн алдық, сосын жаңа тракторлар алып жатырмыз. Солардың бәріне енді дұрыс мамандар керек. Олардың барлығы жаңа техника ғой, бұрынғы техника секілді емес: ішінде джойстикпен жұмыс істейді, компьютері бар – сондай техникаларды алып жатырмыз қазір. Енді соларға дұрыс мамандар керек.»

Аталған салада, әсіресе, жастардың үлесі аз екені байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, облыста 8 аграрлық колледж жұмыс істейді. Жоғары оқу орындары да ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайды. Олардың тарапынан студенттерден білікті маман дайындау үшін жағдай жасалған. Білім беру ісіне заманауи зертханаларды, озы технологиялар мен жасанды интеллектінің қолданылуы – жастардың салаға деген көзқарасын өзгертуге және олардың қызығушылығын оятуға бағытталған мақсатты қадам.

Жұлдыз Қабылденова