Әскери бөлімде студенттерге арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Онда әскери қару жарақ, әскери киім кешек түрлері көрсетілді. Кинологтардың иттермен жұмысы, сапта дұрыс жүру барысы туралы айтылды.
Павлодар қаласы № 6679 әскери бөлімінде жоғары қара металлургия колледжінің 1 курс студентері үшін ашық есік күні өтті. Әскери бөлімге келген студенттер жалпы әскери бөлімнің өмірімен танысты. Күнделікті әскери дағдылар, физикалық дайындық, қару-жарақ түрлері, кинологтардың жұмысын өз көздерімен көрді.
Айсұлтан Әділхан, Павлодар жоғары түсті металлургия колледжінің студенті
Біз бұл жақта казарма туралы, воинский часть, пистолеттер туралы ақпараттар білдік. Менің жасым 16 мен болашақта әскерге барғым келеді. Таразға барғым келеді. Мен сол жерде туғанмын.
Шараның негізгі мақсаты – ер балаларды әскери бөлімнің ішкі жұмысымен таныстыру, патриоттық тәрбиені насихаттау. Соңғы кезде ата - аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді, оған түрлі себеп бар. Бұл ретте түрлі жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында әскери тергеу басқармасы жұмыс істейді.
Кәрімжан Гайратжанов, әскери тергеу басқармасының Павлодар тобының тергеушісі
Профилактикалық іс шаралар өткіземіз. Бағдарлама бар, соны болдырмау. Әскери қылмыс, басқалар болмау үшін, дедовщина дейміз. Павлодар горнизонында аптасына бір рет әскери бөлімге барып, жеке сұхбат, дене тексеру өткіземіз. Біздің жұмысымыз сол.
Ашық күніне келген болашақ отанқорғаушылар өз әсерлерімен бөлісіп жатты. Олар да жауынгерлер сияқты әскерге барғысы келетінін, Отан алдындағы борышын өтегісі келетіндерін айтты.
Самал Қалиқызы