Өңірде жаңа музыкалық таланттарды іздеу жалғасуда. Облыс орталығында жыл сайын өтетін «PAVLODAR SOUND» вокалдық байқауы ұйымдастырылуда. Жас әртістер үшін басты меже — Ертіс өңірінің басты жазғы сахнасы «Ertis Promenade»-те өнер көрсету мүмкіндігі. Сондай-ақ студияда кәсіби ән жаздыру және музыкалық бейнебаян түсіру мүмкіндігі де бар.

Қазіргі таңда байқаудың іріктеу кезеңі аяқталды. Облыстың әртүрлі қала-аудандарынан келген 50-ге жуық орындаушы өз бақтарын сынап, вокалдық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар үш жас санаты бойынша өнер көрсетуде. 14–17, 18–22 және 23–35 жас аралығындағы жас ерекшектеріне бөлініп өнер көрсетуде.

Жандарбек Қабдраш, Павлодар облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығы жанындағы жастарға қызмет көрсету орталығының жетекшісі:

Қатысушыларға нақты талаптар қойылған жоқ. Араларында өнер жолын жаңадан бастағандар да, тәжірибелі әртістер де болуы мүмкін. Сонымен қатар вокалдық орындаудың барлық жанры мен бағыты ескерілді. Болашақта финалистерге «Ertis Promenade» сахнасында өнер көрсееді. Сонымен қатар, студияда ән жаздыру сертификаты табысталып, бейнеролик түсіруге көмек көрсетіледі, фотосессия ұйымдастырылады.

Әр қатысушы тек дауысымен ғана емес, сондай-ақ әртістік шеберлігімен, сахнадағы сенімділігімен және тілді жетік меңгеруімен қазылар алқасын таңғалдыруға тырысты. Мысалы, музыкалық колледж студенті Амира Исатай Селин Дионның әнін ағылшын тілінде орындады. Негзінен ол эстрадалық вокал емес, домбырамен дәстүрлі ән айту бағыты бойынша білім алады.

Амира Исатай, «Pavlodar sound» вокалдық байқауының қатысушысы

Бүгін бұл байқауға келуіме ұстазым себеп болды. Ол қатысуымды сұрады, мен келістім, бірақ кейін ұмытып кеттім. Сосын анам байқау өтіп жатқанын айтқан кезде ғана нақты қатысуым керек екенін түсіндім. Бүгін мен Селин Дионның All By Myself әнін орындадым. Маған сахнада өнер көрсетіп, көрерменнің ықыласын сезіну өте ұнайды. Екінші кезеңге өтіп, өз мүмкіндіктерімді әрі қарай көрсетемін деп үміттенемін.

Жастар осындай мүмкіндік арқылы өнер жолына түсіп, үлкен сахналарды бағындырғылары келеді.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр жас санатынан шамамен алты үздік орындаушы келесі кезеңге өтеді. «PAVLODAR SOUND» облыстық вокалдық байқауының финалы осы жұма күні өтеді