Аты әлемге мәшһүр ақын Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына орай республика бойынша щахмат турнирі өтті. Жарыс Павлодар қаласында да ұйымдастырылды.

Бұл шахмат турнирі қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, ақын, жазушысы Олжас Омарұлының 90 жасына орай ұйымдастырылды. Форматы швейцариялық жүйе, 9 турдан тұрды. Жалпы 50 ден астам шахматшы қатысты, олардың арасында гроссмейстерлер де бар.

Мирослав Семенов, қатысушы

5 жылдан бері шахмат ойнап келемін. Бастапқыда тек хобби болды, кейін жақсы нәтиже көрсете бастадым. Қазір бірінші санатты шахматшымын. Әзірге үш ойын болды. Оның екеуін жеңіп, біреуінде жеңіліп қалдым. Екі партия жеңіл болды, үшінші партияда екібастұздық мықты шахматшыдан жеңіліп қалдым.

Шараның ерекшелігі бір уақытта еліміздің барлық өңірлерінде өтті.

Арыстан Қапаев, Павлодар облысы бойынша шахмат федерациясының атқарушы директоры

50-ден астам кісі қатысып жатыр. Мына турнир өте мықты. Енді Олжас Сүлейменовті түркітанушы, жазушы, ақын. Енді мына жарысқа Баянауылдан, Павлодар, Екібастұз, Ақсудан еліп жатыр. Тартысты ойын болады деп ойлаймыз. Ең мықтылар жиналып жатыр. Үміткерлер ойнап отыр.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Ең үздік ойыншы әйел, ең үздік ардагер анықталды.

Самал Қалиқызы