Биыл қазақ музыка аспаптарын дамытуға теңдессіз үлес қосқан шебер Қамар Қасымовтың туғанына 130 жыл. Айтулы мерейтойға орай оқушыларға әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Халық ерекше өнер иесі Қамар Қасымовты «Қазақ музыкалық аспаптардың атасы» деп біледі. Біртуар қолөнер шебері қазақтың алғашқы аспаптанушы-органолог. Теңдессіз шебердің 130 жылдығына орай Мүзафар Әлімбаев атындағы мектепте «Қамар Қасымов және ұлттық музыкалық аспаптар» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Бұл бағыттағы іс-шаралар оқушыларға қазақ музыкалық аспабының даму жолдары мен төл өнердің мерейлі белестерімен танысуға мүмкіндік береді, дейді ұйымдастырушылар.

Дәурен Қуанов, музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты басшысының орынбасары:

Бүгінгі шараға әбден дайындалдық. Бұл бірінші шара емес. Облыстық білім беру басқармасымен, музей Шафермен бірлесіп істеп жатқан «Дала үні» жобасы бүгін Музафар Әлімбаев мектебінде іске асып жатыр. Айта кететін жайт, біз музыкалық мектеп болғаннан кейін біздің оқушыларымыз өнерді насихаттап, облыстың барлық мектебіне баруға дайынбыз өз өнерімізді көрсетіп.

Тау тұлға Қамар Қасымов саз аспаптарының 20 жуық түрін қалпына келтірген деседі. Оқушылар қазақтың төл аспаптары, атап айтқанда, шертер, сазген, жетіген, даңғыра, тұяқтас жайлы мол мәлімет алып қана қоймай, әуелеген әуезді үннен рухани азықтанды.

Адалхас Бейсенбай, оқушы:

Бүгін біздің мектепте Қамар Қасымовқа байланысты коцерт-лекция өтті. Өте жақсы өтті. Маған рухани демалыс болды. Біз қылқобыз туралы және домбыра туралы көп білдік. Қамар Қасымов – аспап жасау шебері. Бүгін ол туралы бізге көп айтты. Оның аспаптарын көп сындырды, бірақ ол берілмей бірқатар аспапты жетілдірген. Сондықтан біздің уақытқа дейін қобыз, қылқобыз деген аспаптар қалған.

 «Ұлы дала үні» жобасы аясында бірқатар ауқымды шара жоспарланған. Басты мақсат, - ұлттық саз аспаптарын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.

Ақмаржан Қалымбек