Бүгін – мемлекеттік қызметшілер күні! Бұл саланы бір ғана адам емес, бүтін әулет болып жалғастыру– нағыз отаншылдықтың, берік тәрбиенің, адами асыл қасиеттердің көрінісі. Мереке қарсаңында арнамыздың түсірілім тобы мемлекеттік қызметшілер династиясымен танысып қайтты. Алдағы сюжеттен көрейік.

Халық пен билік арасындағы алтын көпір – мемлекеттік қызмет. Бұл салада адал да табанды еңбек ету – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Осындай күрделі де құрметті жолды Қасымовтар әулеті бірнеше ұрпақ бойы жалғастырып келеді. Бауыржан Қасымов әкесі салған жолдан таймай, түрлі жауапты лауазымдар атқарып, мемлекеттік басқару саласында өз орнын қалдырды. Өз қызметінде әрдайым адалдық пен парасаттылықты ту етті.

Бауыржан Қасымов, мемлекеттік қызмет саласының ардагері

Әкеміз мен анамыз алдыңғы буын болып 58 жылдары жоғары білім алып, ауыл шаруашылығында қызмет істеді. Одан кейін біз ол кісілерге қарадық, семьямызда 6 бала өсірді. Бәрімізге жоғары білім берді. Содан біз әке жолын қуып, сол кісінің мамандығы бойынша ауылшаруашылығында қызмет еттік. 1995 жылы Лебяжі ауданы, Қазы селолық округінде әкім болып бастағанмын. Оның алдында ауылшаруашылығ саласында мамндығым бойынша бөлімше зоотехнигі болдым, одан кейін бөлім меңгерушісі болдым

Мемлекеттік қызметте жүру тек отбасы мүшелері ғана емес, ел тірегі болатын азаматтардың өмірінің мәніне айналып кеткен. Бүгінде Бауыржан Қасымовтың қыздары да халыққа шынайы қызмет етіп келеді. Олар үшін қызмет – мансап емес, елге қызмет ету – басты мақсат.

Гүлден Қасымова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бас маманы

Мемлекеттік қызмет маған жат емес. Атамда өмір бойы қызметте болды, бізде отбасыда көп мемлекеттік қызметшілер. Осы маған қызықты болды және халқыма деген үлесімді халыққа қызмет етіп, бір пайдамды тигізсем деп ойладым. Жас мемлекеттік қызметшілерге айтарым әрқашан жұмысына адал болсын, еңбектен қорықпасын. Әрқашан талпынып, ізденісте болу керек. Себебі, өмір де заманда орынында тұрмайды, сондықтьан заманға сай болуы керек. Жауапкершілік болу керек, өйткені бұл үлкен мүмкіндік жас мамандарға берілген

Жас болса да, өз ісіне мығым, кәсіби білімі мен заманауи көзқарасы бар, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін бұл буын мемлекеттік қызметттің жауапкершілігі зор екендігін айтады.

Меруерт Қасымова, Аққулы аудандық округ әкімшілігінің бас маманы

Әрине бұл үлкен жауапкершілік бізге. Өйткені бұл еліміздің, қоғамымыздың алдында қызмет етеміз. Елге қызмет еткеннен кейін жауапкершілік мол болады, әрине сезінемін. Мемлекеттік қызметші жұмысына орналасаңыз деп шақырғым келеді. Өйткені жұмыс қызықты, қиындығы жоқ. Елге деген, халыққа деген қызмет ету мен үшін мақтаныш деп ойлаймын.

Мемлекеттік қызмет жолы – қиындығы мен жауапкершілігі мол, бірақ соны сенімді жүрекпен жалғаған Қасымовтар әулеті ел іргесінің берік болуына зор үлес қосып келеді. Осындай әулеттер көбейсе елдің іргесі бекем, болашағы нұрлы бола түспек.

Қымбат Садық