Павлодарда мемлекеттік қызметкерлер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық дебат ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсат міндеті қандай? Тілшіміз айтсын.

Мемлекеттік қызметкерлер заман талабына сай жан-жақты дамыған, көзі ашық көкірегі ойу азаматтар болуы керек. Ұлттық кодты бойына сіңіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгерген, халықпен коммуникация құра алатын адам халық үшін еңбек ете алады. Осы ретте жаңа дағдылардың маңыздылығы да жоғары. Сондықтан дәстүрлі түрде мемлекеттік қызметкерлер арасында дебат турнирі өтті.

Ерсайын Маушакимов, Екібастұз қаласы құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі

Бұл өте әртүрлі тақырыптарда пікірсайыс жүргізіліп, ой өрісі дамып, қарым қатынас дамиды. Өзгерістер әкелуге, практикада қолданып, өзгеруіне мүмкіндік әкеледі деп ойлаймын.

Турнир екі тілде ұйымдастырылды. 4 кезеңнен тұрды. Жалпы 24 мемлекеттік қызметкер қатысып, мемлекеттік саясат, қоғамдық даму бойынша аналитикалық және командалық дағдыларымен бөлісті. Дебат британдық парламенттік формат негізінде қысқартылып өтті.

Асхат Ескендіров, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Негізгі мақсаты – ол осы мемлекеттік қызметшілерді сөйлесу әдебі, өз ойын дұрыс жеткізуді меңгеру, барлығы қазір қатысып отыр. Әрине осы пікір сайыс ойынымыз әртүрлі тақырыпта өтеді.

Пікірсайыс соңында ең үздік команда, ең үздік ойыншылармен диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Самал Қалиқызы