Павлодар облысының педагогтары бүгін ерекше форматтағы форумға қатысты. Дәстүрлі жиындарға ұқсамайтын бүгінгі шара ұйымдастыру жағынан өзгеше болды. Форумда Амансұлтан білім беру плаформасының мүмкіндіктері сөз етілді.

Естай атындағы мәдениет сарайында атмосфера ерекше. Шара басталмас бұрын лайв-бэнд педагогтардың көңілін көтерді. Өңірдің мұғалімдері жасанды интеллект, нейрожелілер, технологияның жаңа мүмкіндіктерін айтатын Amansultan AI mugalim форумына қатысты. Оларға үздік деген 9 спикер дәріс өткізді.

Ұлан Үсенов, спикер, химия пәнінің мұғалімі

Мен мұғалімдерге, әріптестеріме әлеуметтік желі арқылы оқушылардың назарын аудару туралы айтатын боламын. Себебі қазіргі таңда оқушылар кітап оқудың орнына көп әліметтік желіде отырады. Осы ретте әлем желіні жақсы жақта пайдалануға болады. Білім беру, балаларды оқытуда ол өте пайдалы. Осы туралы айтамын.

Амансұлтан платформасына жылдың басынан 1000-ға жуық педагог қосылды. Жаңа жүйе оқушылар мен ұстаздар арасындағы байланысты нығайтуға, жаңа технологияларды көштен қалмай меңгеруге бағытталған.

Нұрлан Қиясов, AMANSULTAN білім беру платформасының негізін қалаушы

Бұл ұстаздарға ең бірінші құрал ретінде, оқушылардың назарын аудару үшін сабақтар бар платформа. Мұғалімдерге құрал, функцияналдық сауаттылығын арттыру үшін арналған палтформа. Жақын арада түрлі сервистер қосылып жатыр. Үйреткіміз келіп жатыр. Таныстырып.

Жақын арада платформада мектепте берілетін барлық пәннің, сыныптың контенті болады.

Самал Қалиқызы