29 мамырдан бастап балабақшаға орын алу басталады. Мамандардың ақпаратынша, биыл 4,5 жуық бүлдіршінді мектеп алды мекеме қабылдауға дайын. Айта кету керек, жуырда мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай портал «Балабақша смарт нэйшн» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

 «Индиго» ақпараттық жүйесі жұмысын тоқтатуына байланысты «Балабақша смарт нэйшн» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе арқылы кезекке тұруға өтініш қалдыру, кезектің нөмірін тексеру қызметтерін алуға болады. Мамандар аталмыш бірыңғай порталдың қолайлығын атап өтті.

Мамандардың ақпарынша, жаңа оқу жылына тәрбие ошағына орынды ерте алу 29 мамырдан басталады. Биыл балабақша табалдырығын 4,5 мыңға жуық бүлдіршін барады. Оның 800 жуық орны кіші топтағы 1 жасар бөбектерге орайластырылған. Айта кетейік, өткен жылы бөбектердің 100 пайызы қамтылды.

Жаңа ақпараттық жүйе баршаға қолайлы. Балабақша тізімі, электронды келісім-шарт та аталған жүйеде қарастырылған. Ата-ана қандай да бір мәлімет алу үшін 9-00-ден 21-00-ге дейін колл-центрдің көмегіне жүгіне алады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Кривенко 25 көшесі мекен-жайында орналасқан 408 кабинетке жүгінуге болады.

Ақмаржан Қалымбек