Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы азаматтар көмекті тіркеуде тұрған емхана арқылы қол жеткізе алады. Жолдама арқылы ұзақ емделуді қажет ететін дерттерден сауығып шығады. Облыстық аурухана көпсалалы. Созылмалы бронхит, асқазан жарасы және пневмония ауруларын емдейтін терапиялық бөлемшесінің мамандары қор арқылы айына 70 науқасқа емдейді.

Ростислав Лермонтов 67 жаста. Ленинский ауылының тұрғыны. 10 күн бұрын жедел жәрдем арқылы басында кардиология орталығына, одан кейін облыстық ауруханаға пневмония ауруымен түскен. Қазір өзіне қажетті барлық ем- дом түрлерін қабылдап жатыр.

Ростислав Лермонтов, Ленинский ауылының тұрғыны:

Кардиолгия орталығында емделген соң, өкпем қабынып, осы ауруханаға жаттым. Дене қызуымен көтеріліп, түспеді. Тиісті шараларды қолданып, өкпедегі сұйықты түсірді. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлерге ризамын. 56 жастағы Нина Жеребило Павлодар қаласында тұрады. Созымалы бронхит дертімен 2009 жылдан бері ауырады. Сәл салқын тиіп қалса, жөтел қысып тұншығады. Жедел жәрдем арқылы терапия бөлімшесіне түсіп, емделіп жатыр.

Нина Жеребило, Павлодар қаласының тұрғыны:

Жұқпалы вирустық инфекциямен ауырып қалсам, бронхит қозып, жөтеле бастаймын. Сондықтан дәрігер көмегіне жиі жүгінемін. Ауруханаға 10 күн бұрын түстім. Ем шипалы болып, сауықтым. Ақ халаттыларға алғысым шексіз.

25 орынға арналған терапия бөлімшесінде қазір 23 науқас ем қабылдап жатыр. Бөлім мамандары тыныс алу, асқазан-ішек жолдары, бауыр, аллергия ауруларын емдейді.

Зәмзәгүл Смағұлова, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі:

Біз Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры және тегін медициналық көмектің кепілдірілген көлемі арқылы ем жүргіземіз. Өкпенің созылмалы обструктивті өршуі, пневмонияға қарсы ем дом шараларын жасаймыз. Бронх демікпесінің өршуі, бауыр церрозы, жаралы колит пен Крон ауруы бар науқастарды қабылдаймыз.

Облыстық аурухана көпсалалы медициналық мекеме. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы айына 70-80 науқасты қабылдап, емге шипа береді.

Әйгерім Тоқпанқызы