Жасыл ел еңбек жасағының жаңа 19 еңбек маусымы басталды. Биыл өңірді көгалдандыру және абаттандыруға облыстың 2 мыңға жуық жас тұрғыны тартылды. Еліміздегі ауқымды әлеуметтік жоба жайлы алдағы сюжетте.

«Жасыл ел» жастарды еңбекке баулып, табиғатты аялауға шақыратын жоба. Биыл қалалар мен елді мекендерді көгалдандыруға облыстың 16-35 жас аралығындағы 2 мыңға жуық жас тұрғыны тратылмақ. Биыл жас павлодарлықтар экология мен абаттандыру, құрылыс және шығармшылық бағыттары бойынша еңбек етеді.

Жастар арасындағы ең танымал бағдарламаның бірі – «Жасыл ел» жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, жас қазақстандықтарды ұлтжанды етіп тәрбиелеуге бағытталған жалпыұлттық жоба. Маңызы зор жоба жастардың арасында кеңінен танылып келеді. Тіпті, кішкентай павлодарлықтар арасында да үлкен қызығушылыққа ие.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағынының жаңа маусымының салтанатты ашылуы 20 маусым күні өтеді. Алдағы маусым қараша айына дейін жалғаспақ.

Ақмаржан Қалымбек