Жаз келіп, оқушылар мектептен босады. Алайда, бүлдіршіндердің жазғы демалысын сапалы өткізу маңызды. Қазіргі уақытта өңірдің әр мектептерінде жазғы демалыс-лагерьлері өз жұмыстарын бастауда.

Бұл - Павлодар қаалсындағы номері жетінші жалпы орта білім беру мектебінің жазғы сауықтыру лагерьі. Қазіргі уақытта бірінші кезеңі өтуде. Бесінші маусым күні басталған. Жиырма үшінші маусымға дейін жалғасады. Екінші кезең жиырма алтыншы маусым мен он төртінші шілдеге дейін жалғасады. Жалпы 290 оқушыны қамту көзделген.

Гүлназ Тілеукенова, №7 ЖОББ мектебі лагерь жетекшісі:

Лагерьдің жұмысын көңлді өткізу үшін басқа да қалалық ұйымдар мен, мекемелермен келісімшартқа отырдық. Өзіміздің бағдарламамыз бойынша әр түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Таңғы тоғызда қабылдап аламыз.

Бұнда негізгі іс-шаралар түске дейін өтеді. Түстен кейіңн балалар спорттық эстафеталарға қатысады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар сайысын да ұйымдастыру көзделген.

Жанасыл Серікбол