Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға арналған түрлі бағларламалар бар. Бұдан бөлек кәсіпкерлік басқармасы өз ісін дөңгелетемін дегендерге аракідік қол ұшын созып тұрады. Мәселен, облыс орталығында орналасқан Гагарин саябағында жылжымалы сауда нүктелері пайда болды. Бұл да кәсібінен нәсіп табамын дегендерге көрсетілген қолдаудың бір түр.

Анар Советқызының кәспкерлікпен айналысқанына бірнеше жылдың көлемі болған. Көбінде балмұздақ, қытырлақ печенье секілді тәтті өнімдерін сатады. Бүгін кәсіпкерлік басқармасынан Гагарин паркінде сауда жасауға рұқсат алып, қуанышында шек жоқ. Қош ұшын созғандарға алғысын білдірді.

Анар Советқызы, кәсіпкер:

Біз қызметтің бұл түрімен 4 жылдан бері айналысып келе жатырмыз. Қолдау білдірген тұлғаларға алғысым шексіз. Саябақтарда сауда саттық рұқсат бергені жақсы болды. Себебі, осындай күннің ыстығында халық салқын сусындар мен балмұздақтарды көптеп тұтынады.

Қазіргі таңда павлодар қаласы бойынша санкцияланбаған 26 сауда орыны бар. Олар саябақтарда, орталық скверлерде орналасқан. Бұл жерлерде сауда жасауға рұқсат қағазын алу үшін Кривенко 25 мекен-жайына жүгінуге болады. Арнайы белгіленген құжаттарыңыз толық жиналған соң әкімшілік сізге рұқсат береді.

Алтынай Бектасова, қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі басшысының орынбасары:

Жеке кәсіпкерліктің тіркелгендігі туралы талон, сатушылардың санитарлық кітапшалары, саудаланатын тауарлардың сертификаты сонымен қатар санитарлық эпиделияологиялық бақылау мамандарының анықтамасы қажет. Содан кейін кәсіпкерге тіркеу қағазы беріледі.

Айта кету керек, саябақтарда сауда жасауға рұқсат алған кәсіпкерлерге спирттік ішімдіктер мен табак өнімдерін сатуға болмайды.

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко