Ақсу қаласындағы электростанцияда оқыс оқиға орын алып, 4 бірдей қазандықтың жұмысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша апат жүйедегі ақаулар есебінен пайда болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Бірақ, электрэнергиясын ажыратуға тура келді. Бұның кері әсері Ақсу қаласының тең жартысы мен М.Омаров және Евгеньевка ауылы тиіп, қос бірдей ауыл жарықсыз қалған. Төтеншеліктердің сөзінше оқиға орын алған соң 26 аминут ішінде жарық толықтай іске қосылыпты. Қазіргі таңда ақаулар қалыпқа келтіріліп, қазандықтар қайта іске қосылды.

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко