Павлодар облысында, Баянауыл ұлттық парк аумағында Камаз көлігі өртенді. Баянауыл- Қарағанды трассасында кетіп бара жатқан жүк көлігінің кабинасы отқа оранып, жалын жасыл желекке тиген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалынды іле ауыздықтады. 0.22 гектар аумақтағы құрғақ шөп жанған. Шығын көлемі есептеліп жатыр.

Жанасыл Серікбол