Баянауыл – барша Қазақстан елінің інжу-маржаны. Тарихи тұлғалар мен киелі орындарға бай. Бүгін облыстық кітапханада Баянауыл аудандық кітапханасы «Бағзы қоныс, көне сүрлеу, тылсым сыр» атты көрмені көпшілікке ұсынды.

Баянауыл десе көрікті жерлері ғана емес, тарихи мекендері де еске түседі. Ол топырақтан түлеп ұшқан ұлы тұлғалары бір төбе. Торайғыров атындағы облыстық әмпебап кітапхаансы бірнеше жылдан бері арнайы жоба ұйымдастырып, әр аудандық кітапхана өз аудандарын тарихи-мәдени тұрғыда таныстыруда.

Баянауыл аудандық кітапханасы қазіргі Сәтпаев ауылдық округі, бұрынғы Ақкелін болысы жайлы жобаны алып келген. Шара аясында дәл осы өлке жайлы тарихи-танымдық деректер айтылды. Бұл өлке де әйгілі Шорман және Сәтбай әулетінен тараған ұрпақтар жасап, қазақ тарихында есімі қалған. Үкібай бидің ізі қалған. Алғаш мектеп ашылған болыстардың бірі.

Бұған дейін 3 аудан келіп, осылай өздерінің үздік жобаларымен, тарихи орындарымен таныстырған. Шара енді күз айларында жалғасатын болады.

Жанасыл Серікбол