Облыс орталығында гүл отырғызу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде жұмыстың 70 пайызы аяқталды. Сонымен қатар, өңірде орын алған аптап ыстықтың салдарынан суару жұмыстары қарқын алды.

Бүгінде облыс орталығында 70 пайыз гүл отырғызылды. Бұл науқан ары қарай да жалғаспақ. Алайда, жұмыс уақытша тоқтап қалды. Жауапты мердігердің айтуынша, бұған – аптап ыстық себеп болды. Гүл суару жұмысы тек түнгі уақытта жүргізіледі.

Ал, ағаштар мен көгалды суару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Айта кету керек, суару машинасы 27 бірліктен 34 бірлік көлікке дейін көбейді.

Ақмаржан Қалымбек