Елімізде автокөліктерге арналған легализация науқаны аяқталуға жақын. Павлодар облысында осы уақытқа дейін жеті мыңнаН астам көлік тіркеліп үлгерген. Ал, бірінші шілдеге дейін тіркеп үлгере алмағандар не істейді? Алдағы материалымызда.

Жыл басында айрықша науқан жарияланып, барша көлік иелері мүмкіндікті пайдаланып қалуға тырысты. Көлікті небәрі екі жүз мың теңгемен тіркеудің негізгі шарттары да бекітіліп, халыққа жария етілді. Содан бері арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында тыным болған жоқ деуге болады. Облыс бойынша мыңдаған көлік жүргізушісі өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.

Бауыржан Мақашев, ПД процессинг орталығының бастығы:

Эмираттардан әкелген автокөліктер бар. Германиядан. АВмрика құрама штатарынан бар. Ең көбі Ресей Федерациясынан әкелінген машиналар.

Көлік жүргізушілері үшін аз ғана уақыт қалды. Сондықтан, бірінші шілдеге дейін тіркеп үлгермеген азаматтар үшін де мүмкіндік қарастырылып отыр.

Бауыржан Мақашев, ПД процессинг орталығының бастығы:

Бірінші шілдеден бастап уақытша тіркеуге жұмыс басталады. 5 Уақытша тіркеуге тұрған соң бес жылдың ішінде зхаңдастырады.

Уақытша тіркеуге қою үшін азаматтар кез-келген жолмен өтініш қалдырулары керек.

Бауыржан Мақашев, ПД процессинг орталығының бастығы:

Ең басты жеткізетініміз айдың аяғына дейін заявка беріп үлгеру керек. Заңдастыруға жатпайды.

Жиырма жетінші маусымдағы жағдай бойынша уақытша тіркеу үшін 130 дана астам азамат өтініш қалдырған.

Жанасыл Серікбол