Елорда – Тәуелсіздіктің жарқын жетістігі. Биыл ел астанасына 25 жыл толып отыр. Бүгінде Астана халықаралық аренада өзіндік келбеті бар алып шаһар. Еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала - Астананың қалыптасу тарихы жайлы алдағы бейнематериалда.

1998 жылдың 10 маусымында еліміздің тарихында маңызды шешім қабылданды. Осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның елордасы, халқымыздың айшықты келбеті – Астананың ресми тұсаукесері өтті. Ұлы даланың қақ ортасында бой көтерген Астананың елорда болып таңдалуы тегіннен емес, дейді архив ісінің мамандары.

Еліміздің бас қаласында дүниежүзілік маңызды мәнге ие бірқатар шара мен тарихи оқиғалар орын алды. Павлодар облыстық мемелекеттік архивінде Астананың құрылуы мен дамуын расттайтын маңызды құжаттар сақтаулы екен.

Елорданы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданған уақытта бұл шаһарда 300 мыңға жуық адам қоныс тепкен. Бүгін қонақжай Астанада 1 миллионнан астам адам тұрады. Көрікті шаһардың сәулет туындылары да ешкімді бей-жай қалдырмайды. Астанада бой көтерген әлемге әйгілі сәулет құрылысы дүниежүзілік «Експо-2017» 3 миллионнан астам туристті қабылдады , «Жекпе-жек» сарайы, «Астана» арена спорт нысандарында әлемдік додалар тұрақты түрде өтіп тұрады. Шаһардың сол жағалауында алғашқы тұрғызылған әсем мұнара – «Бәйтерек». Сәулет өнерінің бірегей туындысы саналатын көрнекі монументке бас сұқпайтын саяхатшы жоқ. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт те өткен жылы ел астанасында бой көтерді.

Ақмаржан Қалымбек