Железин ауылының мектеп айналасына жасыл көшеттермен гүлдер егілді. Бұл сауапті істі мектеп ұстаздарымен бірлесіп оқушылар қолға алған. Аула ішінде канадалық ағаштар мен сирек кездесетін гүлдер егілді. Білім беру ошағында эстетикалық кеңістік құру ісімен мұғалімдер 15 жыл айналысып келеді.
Мектеп аумағына бастапқыда жасыл желектің 7 түрі ғана отырғызылды. Қазір оның саны 170 ке толып отыр. Көгалдандыру жұмысына мектеп ұжымы және оқушылар ат салысты. Шәкірттер агротехникалық жоспарға сай баптап, күтім жасайды. Өсімдік қалдықтарынан тазартып, сынған және құрғақ бұтақтарды кеседі. Тіпті мектеп ауласында ағаштың ерекше 20 түрі өсіп тұр.
Шолпан Кантарбаева, №2 Железин мектебінің директоры:
Біздің саябақта жасыл көшеттердің 20 дан астам түрі бар. Емен, үйеңкі ағашының екі түрі өседі. Скумпия, терек және айлант ағаштары егілді.
Қазір мектеп аумағында 170-тен астам өсімдік өседі. Әр түріне қарай бес бөлімге бөлінген. Көпжылдық дақылдардың 50 түрі бар. Сондай-ақ көкөніс бөліміне жыл сайын 20 өсімдік егіледі.
Шолпан Кантарбаева, №2 Железин мектебінің директоры:
Біз химиялық емес тыңайтқыштарды қолданудың арқасында үлкен өнім аламыз. Біз мектеп оқушыларымен бірлесіп, көп оқимыз. Бұл тыңғылықтың істің барлығы сапалы өнім алу үшін жасалады.
Бұдан бөлек саябақта күнделікті өмірде дәрілік негізде жиі қолданатын өсімдіктер бар. Жалбыз, түймедақ, шалфей өседі. Ал мектеп ауласы 2011 жылы облыстық байқауда ең әдемі аула номинациясы бойынша гран при жеңіп алды.
Шолпан Кантарбаева, №2 Железин мектебінің директоры:
Біз үш жыл қатарынан гран при иегері болдық. 2019 жылы ең үздік аула қатарына іліктік. Бірлескен жұмыс арқасында аумақты жақсарту бойынша түрлі идеялар мен ойлар келеді. Ұжым болып ортақ іс атқарамыз.
Жобаның мақсаты-мектеп жанында эстетикалық және экологиялық тартымды кеңістік құрып, мектеп оқушыларын еңбекке шақыру. Бұл арқылы шәкірттер шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Ермек Сапаров