Биыл бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңірлік департаменті Павлодар облысының тауар нарықтарындағы жай-күйіне қатысты 25 талдау жүргізген. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктен бастап, жанар жағармай салаларында бәсекелестік жайы қаралды.
Агенттіктің негізгі міндеті тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және қолайлы жағдай жасау. Бұнымен қоса, монополистік қызметті реттеп, шектеу. Адал бәсекелестікке жәрдемдесіп, жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу. Қазір департаменті монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы 8 хабарлама шығарды.
Қазір құзырлы мекеме 3 істі тергеп тексеруде. Оның бірі ауыл шаруашылығы басқармасына қатысты.
Биыл әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларын және мұнай өнімдері жөнінде бәскелестікті қорғау саласында заңға қарсы әрекетке жол бермеу туралы 19 ескерту шығарылды. Бұдан бөлек «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес 6 отырыс өтті. Онда бизнестің дамыуына кедергі келтіретін өзекті мәселелер сөз етілді.
Әйгерім Тоқпанқызы