1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталады. Мәлімет тапсыру үшін бір ай уақыт беріледі. Бүгін елордадан келген Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары үміткерлерге қойылатын талаптар мен іріктеу кезеңдерін түсіндірді. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Іріктеу алты кезеңде өтеді. Алғашқы бөлімінде үміткерлердің білімі, жұмыс тәжірибесі және жеке қасиеттері сарапталады. Екінші кезеңде Ақпараттық түсіндіру жұмыстары, мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағаланады. Одан кейін ситуациялық тапсырмаларды шешу, сарапшылық комиссияда әңгімелесу, сандық ақпаратпен жұмыс істеу, құзыреттерді бағалау өтеді. Одан кейін қазан айында ұлттық комиссия отырысы болады. Биыл іріктеу төртінші рет өтеді. Кандидаттарға қойылатын талаптар мен шарттар өзгеріссіз қалды.

Салауат Мүксімов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары

Әбір жеке мекеменің қызметшілері егерде олардың 5 жылдық еңбек өтілі болатын болса жас 35 тен аспаған болатын болса 35 те кіреді соның ішіне. Одан кейін міндетті түрде қазақ тілін меңгеру керек. Б1 санаттан төмен болмау керек оның білімі. Және әрине ол қазақ азаматы болу керек. Қазақстан Республикасының

Сараптау қазан айына дейін жалғасады. Президенттік жастар кадр резерві — ел болашағын дамытуға өз үлесін қосқысы келетін жастар үшін керемет мүмкіндік. Мамандар әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам, экономикалық және қаржылық саясат, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту, сауда саясаты, цифрландыру, сыртқы саясат және инвестиция салалық бағыттарынла өтеді. Құжат маусымның 30 ына дейін pk.rezerv.gov.kz арнайы сайтында онлайн режимде қабылданады.

Жастар арасында жобаға деген қызығушылық жыл санап артып келеді. Өйткені резерв мансап баспалдағында өсуге мүмкіндік беріп, кәсіби дамуға жол ашады. Айым Оспанова аумақтық ветеринария инспекциясында қызмет атқарады. Еңбек өтілім 12 жыл. Биыл ол кадрлық резерв жобасына қатысуға ниет білдіріп отыр.

Кездесуге жас мемлекеттік қызметші қатысты. Үміткерлерге жобаның шарттары жан-жақты түсіндірілді. Айта кетейік 2019 жылдан резервке шамамен 400 жас қосылды. Олардың 80 пайызы мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерге, саяси лауазымдарға қызмет етіп жүр.

Әйгерім Тоқпанқызы