Мойылды ауылындағы Кәукен Кенжетаев атындағы мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Өнерім сіздер үшін, туған ел» атты ауыларалық үйірмелер байқауы өтті.Шараға қала маңындағы елдімекендерден келген өнерпаздар қатысты. Қатысушылар ән салып, би билеп, түрлі жанрда өнер көрсетіп, өзара үздіктерді анықтады.
Байқау бес бағыт бойынша өтті. Қатысушыларға арнайы талаптар қойылды.Ән номинациясына қатысушылар жергілікті авторлардың өлеңдерін шырқаса, күй аталымында Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары орындады.
Перизат Құрманәліқызы, Мойылды ауылы Кәукен Кенжетаев атындағы мәдениет үйі басшысының М.А.
Жалпы осы шарамыз қалалық мәдени басқарманың қолдауымен тікелей ауыл әкімі Жеңіс Сартайұлының қатысуымен ұйымдастырылып отыр. Мақсаты ауыл үйірмелерінің дастарының өнерін паш еті. Жалпы 5 ауылдық үйірме өтініш білдірді.Өзімізде бағымызды сынап көріді жөн санадық. Бүгінгі байқауға қатысушылар келіп отыр.
Мәдениет ошақтарынан арнайы шақырылған қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық деңгейін бағалап, үздіктерді анықтады.
Перизат Құрманәліқызы, Мойылды ауылы Кәукен Кенжетаев атындағы мәдениет үйі басшысының М.А.
Шаңырақ шығармашылық орталығына қазылар алқасын таңдадық Әр жанрда өз маманы төрелік ететін болады. Жас ерекшеліктеріне де мән берген жоқпыз. Өнерлерін паш етсе деген мақсат болды бізде.
Ауыл аралық мұндай байқаулар жас өнерпаздарды қолдап, олардың шығармашылығын дамытуға, өнерге деген құштарлығын арттыруға зор ықпал етеді.
Алтынбек Таглимов , Атамекен кенті Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінің басшысы
Бұл байқауда ереже бойынша балалар бес жанр бойынша сынға түсіп отыр, дәстүрлі ән терме вокал. Осы барлық жанр бойынша қатысып отырмыз
Айта кету керек, байқауға қатысқандардың барлығына арнайы сертификаттар табысталды. Ал жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар берілді.
Салтанат Бауыржанқызы