Аймақ басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барды. Онда көктемгі дала жұмыстарымен танысып, шаруалармен кездесті. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында жасалып жатқан жобалармен танысты.

Алдымен, аймақ басшысы көктемгі дала жұмыстарымен танысты. Биыл ауданда егістік аумағы 4 мың гектарға дейін ұлғайған. Оның 50 мың гектарына дәнді дақылдар егілген.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі

Биыл бізде 50 мың гектардан астам дәндідақыл, 9 мың гектар майлы дақыл, картоп та биыл көп салынады деп отырмыз. Жалпы шаруалардың 16-сы 1451 тонна арзандатылған жанар жағармай алуға өтінім берді , оның 985 мың тоннасы төленді. Бәрі жоспар бойынша, кешігу жоқ.

Осы ретте облыс әкімі шаруаларға тыңайтқыштардың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Жылдан жылға жер құнарлығын жойылып жатыр деді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Жалпы тыңайтқыштар бойынша 52 пайызы орындалды, қалғаны ше? Күзге дейін орындау керек. Олармен жұмыс жүргізу керек. Алдымен ескерту беру керек

Осы ретте аудан шаруалары да әкімге өз ұсыныстары мен бұйымтайларын жеткізді. Мәселе энергия тапшылығында. Облыс әкімі бұл сұрақты шешу үшін энергия таратушы ұйым басшыларымен жиын өткізетінін айтты.

Жақында ғана Қараоба ауылында спорт кешені ашылған еді. Заманауи стандаиттарға сай нысан жастардың жарық, кең ғимаратта спортпен айналысуына мүмкіндік береді. Нысанды аралаған аймақ басшысы біраз кемшіліктерді де анықтады.

Спорт кешеніне әлі жиһаздар алынбаған, соған қарамастан жастар жаттығуды бастап кеткен. Алда маңызды жарыстар тұр. Облыс әкімі жас спортшыларға волейбол доптарыын сыйға тартты. Келесі кезекте облыс әкімі Мүткенов ауылында жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты. Елдімекенде биыл барлық ауылішілік жолдар жөнделмек. Онда екі мердігер ұйым жұмыс жасайтын болады.

Ал, бұл Мүткенов ауылының жөнделгелі жатқан мәдениет үйі. Тозығы жеткен ғимараттың шатырына құстар паналап кеткен. Өңір басшысы суыққа жетпей құрылысты аяқтауды тапсырды. “Ауыл ел бесігі” аясында жоба жүзеге асып жатыр.

Сондай -ақ, өңір басшысы “Ақтоғай Милк” сүт тауарлы фермасының жұмысымен танысты. Ферма аумағы сүт өнімдерін шығаратын шағын қалашыққа айналған. Биыл «Ақтоғай-Агро» Қайран ауылында 380 гектар жерді пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Александр Терентьев, «Ақтоғай агро» ЖШС директоры

4 мың гектардан астам аумақта арамшөптермен күресу үшін агрономдар шалғамды пайдаланады, бұл патогендік организмдерді, соның ішінде сымқұрттарын жоюға көмектеседі. Бұл дақыл зиянкестермен күресіп қана қоймай, топырақты сауықтырады. Шалғам екі-үш рет шабылады, содан кейін біз оны пішен ретінде қолданамыз. Бос жерлерге картоп пен жүгері отырғызамыз. Қазір суару процесі басталды.

Тағы бір инвестор құны 2,2 миллиард теңге болатын 861 гектарда жаңа суармалы учаске салуды қолға алды. Оның 830 гектары суарылады. Компания басшысы Игорь Головашовтың айтуынша, инфрақұрылымды кеңейту және суармалы жерлердің ауданын 3-4 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Ал, мына 24 пәтерлі Ақтоғайдағы мына үй бір айдан кейін қолданысқа беріледі. Бұл үйге кезекте 150 адам тұр.

Сонымен қатар, облыс әкімі былтыр материалдық техникалық базасы толығымен жаңартылған Абай атындағы мектепке барды.

Жұмыс сапары Ақтоғай ауданындағы өнер мектебінде қорытындыланды. Онда білім беру мекемесінің жетістіктері көрсетілді.

Самал Қалиқызы