Ақтоғай ауданында Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа арналған бюст ашылды. Ескерткіш батырдың 100 жылдық мерейтойы мен Жеңістің 80 жылдығына орай орнатылды. Мүсін жауынгер есімі иеленген мектептің алдында бой көтерді.
20 жасында Кеңес Одағының батыры атанған жерлесіміз Махмет Қайырбаев – ұрпақ мақтанышы. Қанды шайқастарда ерлік көрсеткен даңқты батыр 1925 жылы 1 қаңтар күні Абай облысы Бесқарағай ауданына қарасты Семиярка ауылында дүниеге келген. Батырдың есімі ардақталып, оның есімімен аталатын мектеп алдында ескерткіш мүсін бой көтерді. Бұл– ерліктің мәңгілік белгісі, әрі жас ұрпаққа батырдың даңқты жолын ұлықтаудың айқын көрінісі. Мектеп алдында жиналған жерлестер жауынгердің ерлігіне тағзым етті.
Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі
Бүгін ауданымыз үшін аса маңызды ерекше күн. Біз ел қорғаны даңқты жауынгер Кеңес одағының батыры М.Қайырбаевтың 100 жылдық мерейтойымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға жиналып отырмыз. Осы тарихи күн аясында батыр бабамыздың бьюстың ашылуы біз үшін үлкен мәртебе. Ұрпаққа қалатын мәңгілік өнеге.
Салтанатты шараға жерлестері, білім ордасының ұжымы, туыстары қатысты. Ескерткішті ашу құрметі қаһарманның ұлы Мұрат Қайырбаев және Ақтоғай ауданында бірге көп жыл бойы еңбек еткен әріптесі Валентин Зуевке берілді.
Даңқты жауынгердің ұрпақтары көрсетілген құрметке риза екенін айтып, бұл шара жас буын үшін тәрбиелік мәні зор екенін ерекше атап өтті.
Мұрат Қайырбаев, Махмет Қайырбаевтың ұлы
Көңілім толып отыр. Жалпы айтқанда. Бірақ мен ойлап отырмын. Осы ел әкемнің атын өшірмей әкемнің атына үлестерін қосып керемет шаралап жасап жатыр жылда жылда. Мен келемін осы мектепке. Жарсытар өтіп жатыр. Жас түлектерге осы әкемнің мүсіні ертең алысқа ұядан ұшқан секілді әкемді есінде қалдырып отырады.
Бьюст демеушілердің қолдауымен бой көтерді. Бұл бастама батырдың ерлігін ұлықтау мақсатында жүзеге асырылды
Жұмабек Қамзин, қоғам қайраткері
100 ден аса қазақ Кеңес одағының батыры болған екен. Соның бірі міне М.Қайырбаев біздің жерлесіміз соғыстан кейін осы ауданда партия комитеттінің бірінші хатшысы болған 10 жылдай биыл 100 ге келіп жатқаннан кейін осы ескерткішпен атап өтейік деп Бұған қол ұшын берген ЕРДжи корпорациясы КЭЗ 27 ескерткіш орнатқан екенбіз. 27 ескерткіш Махмет атамыздың мүсіні болды
Бұл бюст – батыр ерлігінің белгісі, ұрпаққа үлгі. Ер есімі-ел есінде.
Әйгерім Тоқпанқызы