Май ауданы, Малайсары ауылының тұрғындары қуанышқа бөленді. Ауылда балаларға арналған жаңа көпфункционалды спорт алаңы пайдалануға берілді. Құрылысы небәрі бір айда аяқталған. Заманауи жабдықталған бұл алаңда енді ауыл жастары түрлі спорт түрімен айналыса алады. Ашылу салтанатына арнайы қонақ ретінде халықтың сүйікті әншісі Роза Рымбаева шақырылды.
Жаңа алаңда футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар. Сонымен қатар үстел ойындарына арналған аймақ та қарастырылған. Алаңның жан-жағы қоршалып, жарық орнатылған. Сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары толық сақталған.
Аспандияр Қайролла, Малайсары ауылдық округінің әкімі
1 айдың көліменде құрылыс жұмыстары жүрді. Барлық талаптарға сай. Жарықтандыру мәселелері, қауіпсіздік жағынан да толықтай ескеріліп осындай заманауи, қалалық сипаттағы алаң салынып бітті. Осыдан 5 жыл бұрын осы демеушінің көмегімен футбол алаңы да салынған болатын. Қазіргі таңда ол да жұмыс жасап тұр. Бұл да болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін үлкен алаңның бастамасы деп білеміз.
Алаңда түрлі спорт түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Жай серуендеп, бірге жаттығу жасауға болады. Алаң – ауыл өмірін жандандырып, жастардың бос уақытын пайдалы өткізетін орынға айналмақ.
Рәтәй Түсіпбекова, малайсары ауылының тұрғыны
Осы қарттар атынан, әжелер атынан рахметімді айтамын.
Әрі қарай біздің балаларымыз дамып, осы спорт алаңында тек дайындалып, чемпион болып, жақсы дәрежеге жетіп, ауылымыздың мақтанышы болсын. Ризамыз, қуанып жатырмыз. Бұл отбасымыз үшін, ауылымыз үшін үлкен мереке. Бұл екінші алаңымыз ашылып жатқан. Әр түрлі саладан балалар дами алады енді. Футбол, волейбол, баскетбол бәрі бар.
Жастардың да қуанышында шек жоқ. Жаңадан ашылған алаң балалар үшін таптырмас мүмкіндік. Жергілікті мектеп оқушылары жаттығу жасап, болашақта үлкен спортқа жол ашуды көздейді.
Меруерт Солдат, малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы
Осындай көпфункционалды спорт алаңы біздің өскелең ұрпақтың, жастардың спортқа деген салауытты өсір салтына деген құлшынысын арттырады. Біз әсіресе волейбол және үстел ойындарымен де шұғылданамыз.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін мерекелік концерт мәдениет үйінде жалғасты. Қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаева халық әндерін шырқап, ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Роза Рымбаева, Қр халық әртісі
Шақырмаса барма , шақырған жерден қалма деге сөз бар. Арнайы шақырылғаннан кейін, осы ауылдың азаматтары шақырғаннан кейін келіп тұрмын. Жалпы, ауылдарға жиі бару керек. Қазір көптеген ауылдарда осындай әдемі мәдениет үйлері бар. Сондықтан халыққа нағыз өнер көрсететін, жоғары деңгейдегі жұлдыздар жиі келіп тұру керек.
Малайсары ауылында ашылған жаңа спорт алаңы – елдімекеннің дамуында тағы бір жарқын қадам. Мұндай бастамалар ауыл жастарының белсенді азамат болып қалыптасуына жол ашады.
Сабина Жолдаспаева