Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде «Сөйле, сурет» атты Аңсаған Мұстафаның туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Картиналар өмірдің айнасы сияқты өзіндік әсерге толы. Толығырақ тілшіміз баяндайды.
Аңсаған Мұстафаның әлем әлеуметтік мәселелерін айшықтайтын суреттері жұртты елең еткізеді. Мағынасы айқын ерекше туындылар көрменің төрінен орын тепті.
Жалпы, көрмеде 56 сурет ұсынылған. Туындыларда жалғыздық, алкоголизм, тәуелділік сияқты заманауи қоғамның мәселелері белгіленген. Әлемнің кейбір жерлерінде осындай проблемалардан арыла алмай жүрген жандар баршылық. Суретші осы арқылы адамдарға ой салуды көздейтнінің айтады.
Аңсаған Мұстафа, суретші:
Осы адамдарға көмектескім келеді, осындай проблема болмасыншы деп ойлаймын. Осы суреттерде салынған суреттер осының ішінде қалсын деп ойлаймын. Сол үшін салынған суреттер.
Автордың «Мамам мені өлтіретін шығар» атты танымал туындысының өзінде-ақ қанша мәселе, тәрбие, құнды мағына аңғаруға болады. Көрмені тамашалауға келген қонақтар әлеуметтік мәселені көрсететін бұл суреттерден ерекше әсер алғанын айтады.
Гүлнұр Гарманова, павлодар қаласының тұрғыны:
Маған көрме өте қатты ұнады, өте актуалды. Қазіргі заманғы актуалды тақырыптарды қозғайды суреттер.
«Сөйле сурет» атты көрме облыстық көркемсурет музейінде 20 тамызына дейін өтеді.
Байтұрсын Жұмабай, Татьяна Шевченко