Облыстық қоғамдық кеңесте Ақсу қаласының бас жоспарына енгізілуі тиіс түзетулер талқыланды. Жобалаушылар өзгертулерді қандай негізге сүйеніп жасап жатқандықтарын айтты. Ал, қоғамдық кеңес бірқатар ескертпе жасады.

Ақсу қаласының әлеуеті артып келеді деді баяндамашы. Көп қабатты үйлер салынуда. Он төртінші және он бесінші шағын аудандардың құрылыс жоспарлануда. Сондай-ақ, аурухана, балабақша, мектеп сынды әлеуметтік нысандарда салынады. Түзету сұранысы осында туындап тұр деді.

Артем Самойлов, жобалаушы:

Соңғы 15 жылдағы халық санының артуына байланысты ескі жоспар өзектілігін жоғалтты. 2013 жылы Черемушкиге, 2015 жылы Беловкаға халық қоныстанып, жер бөлінді. Сондықтан, бас жоспарға түзету енгізудің қажеттілігі зор.

Ал, қоғамдық кеңес мүшелері тек халық санын негіз етіп, бас жоспарды түзету негізсіз деп біледі. Өйткені, халық саны айтқандай өсіп жатқан жоқ.

Нұрлан Нәбиев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы:

Халық сананың өсі қарқынды дей алмаймын. Оның үстіне Ақсу қаласының бас жоспары 2007 жылы жасалған болатын.

Жобалаушылар халық санына бөлек, жалпы 13 түзету енгізілгендігін алға тартты. Оның ішіне 1500 нысан бар. Сондай-ақ, Ақсу қаласының жаңартылған бас жоспарында қаланың барлық инженерлік желілерін көрсетуді жоспарлап отыр, қазіргі уақытта оларды түгендеу және цифрландыру жұмыстары ағымдағы жылдың соңында аяқталады.

Кирилл Ефремов, Ақсу қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі:

Шағын орта бизнес, әлеуметтік нысан немесе тұрғын үй. Осындай нысандардың инженерлік желілерге қосылу нүктелері қажет. Осы нысанға құрылыс кезінде ең жақын қосылу нүктесін білу үшін деректерді цифрлау жүргізіледі.

Облыстық қоғамдық кеңес Ақсу қаласының бас жоспарына енгізілмек түзетулерді қолдады. Алайда, жуық арада жасауы тиіс ескертулерді де қоса айтты.

Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров