Балаларға арналған «Айбарс» мобильді ойны жарыққа шықты. Білім платформасы 2-5 жас аралығындағы балалардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Айбарс мобильді ойынның бүгінде әлем бойынша 2500 жуық қолданушысы бар. Тіпті Индонезия, сияқты алыс шетелді қызығушылыққа ие. Жобаның негізін қалаушылар ойынды жасауға 1 жыл уақыт жұмсаған. Жарты жыл зерттеу жүргізіліп, 10 мыңға жуық ата-анадан сауалнама алынды. Жобаның толығымен жүзеге асуы үшін ең үздік мамандар тартылған.
Алтынбек Сұлтанқұлов, ойын авторы:
Жоба авторлары зерттеу барысында барлық ұсыныстарды ескерген. Егер баланың смартфонға телміріп, гаджеттерге тәуелдігі – жаһандық мәселе болса, айбарс қосымшасында әр 15 минут сайын балаға қолдаушы дыбыс «демалатын уақыт келді» деген үндеу жолданады. Ойынды 3 тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілін таңдауға болады. Бірақ, бұл ата-анаға арналған бөлімде ғана жүзеге асады.
Алтынбек Сұлтанқұлов, ойын авторы:
Білім платформасындағы дыбыстық сүйемелдеуге де баса мән берілді, дейді авторлар. Ойындағы қолдаушы дыбыстарды әйгілі «Аватар. Су жолы» фильмінің дубляж актерлері дыбыстаған.
Алтынбек Сұлтанқұлов, ойын авторы:
Ойын 5 бөлімнен тұрады. Әрқайсы бала бойында белігілі бір жақсы қасиетті дамытуға бағытталған. Ең қызығы – әр бөлімнің анимациялық дизайнының өзіндік астары бар.
Алтынбек Сұлтанқұлов, ойын авторы:
Алтынбек Сұлтанқұлов және Қазбек Сағидолда - қазақ тіліндегі білім платформасының авторлары. Павлодар қаласында туған. Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназиясның түлектері. Еліміздің маңдайалды оқу орындарында еңбек етіп, бүгінде елордада білім платформалары мен түрлі жоба әзірлейді. Алдағы уақытта 7 жастан асқан жеткіншектерге арналған мобильді қосымшаны жасауды мақсат етіп отыр. Ал 2-5 жас аралығындағы бөбегі бар ата-ана айбарс қосымшасын плэймаркет дүкені арқылы жүктей алады. Апстор дүкенінің қолданушылары үшін мобильді ойын келер аптада қолжетімді болмақ.
Ақмаржан Қалымбек