Ақсуда «Туған қала» жобасы аясындағы үшінші форум өтті. Онда қаланы абаттандыру және инфрақұрылымын дамыту бойынша бұған дейін атқарылған жобалар жайлы айтылды. Аталмыш жоба Ақсуда екі жыл қатарыннан іске асуда. Қазір үшінші кезеңіне іріктеу жүріп жатыр.

2020 жылдан бастап ERG Еуразияттық энегргетикалық корпарациясы «Туған қала» жобасын жүзеге асыруда. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында басталған еді. Қазіргі уақытта қала әкімдіктері және Тель-Авив университеті достастығы қауымдастығының қолдауымен Ақсу және Рудный қалаларында, сондай-ақ, Қашар және Октябрь ауылдарында жүзеге асырылуда.

Монқалалар қай бағытта дамуы керек? Тұрғындардың ой-пікір қандай? Форум аясында осы мәселер талқыланды. Жиынға қатысушылар, осы уақытқа дейін іске асқан жобаларды да көріп шықты. Мәселе, 2022-жылы тұрғындардың дауыс беруімен қабылданып, биыл іске асқан боччо-ойын алаңы. Іске асыру аясында алаң айналасы қоршалып, көрермендерге арналған шатыр орнатылды. Өзге де қажеттіліктер жасалды.

Ал, Ленин көшесі 55-үй мекенжайындағы арка да осы жоба аясында іске асты. Нәтижесінде қазір 4-шағын ауданның тұрғындары жарқын түстермен боялған арка арқылы өтуде.

Ольга Вахитова, жоба авторы:

Тұрғындар қуанып қалды. Балаларға да, ересектерге де ұнап жатыр. Осында келіп жиі суретке түседі. Жақсы әсер алғандықтарын жасырмайды. Тұрғындар тағы да осындай аркаларды жасап берсе деген тілектерін де айтып жатыр.

«Туған қала» жобасының басты ерекшелігі - жобалардың барлығын тұрғындар өздері ұсынып, өздері дауыс беру арқылы ең қажеттісін анықтайды.

Ақмарал Найзабекова, «ERG» еуразиялық тобы» бас директорының орынбасары:

2022-жылы қабылданған жобалар биыл іске асты. Қазір келер жылғы жобаларға іріктеу жүріп жатыр. Осылайша жылдан жылғай жалғастыра береміз. Бөлінетін қаржы көлемі де ұлғаюда.

2020-2022 жылдары 102 жоба іріктеліп, оларды жүзеге асыруға бөлінген қаражат көлемі 650 миллион теңгені құраған.

Жанасыл Серікбол