«Достық» үйінде заманауи коммунакция негіздеріне арналған семинар тренинг басталды. Шараға Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ұйытқы болуда. Екі күнге созылатын шара аясында бірқатар дәрістер жоспарланған.

Бүгінгі ғасыр технология ғасыры. Интернет дәуірі. Сонымен қатар, коммуникацияның да маңызы айрықша. Өйткені, күллі әлем бір-бірімен қым-қуыт араласып, байланысқа түсір жатқан уақытта қарым-қатынастың жаңа сапасына қажеттілік туындауда.

Семинар-тренингтің негізгі мақсаты - қатысушыларға коммуникациялық процестің ерекшеліктерін түсінуге көмектесу. Сондай-ақ, оларды әртүрлі этномәдени топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауға үйрету. Семинар-тренингте журналист, ҚР Президенті Академиясының лекторы, «Қымбат сөйле» шешендік курсының авторы Салтанат Оңғар спикер ретінде келіп, шеберлік сағатын өткізді.

Салтанат Оңғар, дәріскер-тренер:

Менің басты мақсатым ададмардың оратсында коммуникацияны бірізділікке қою. Адамдармен байланыс орнату кезінде теке-тірес жағдайда ешкімнің жүйкесіне тимеу, жанын ауыртпау сияқты. Жаттығуларды сол жерде көрсетеміз.

Спикердің айтуынша, біздің қоғам әлі де толықтай мәдени коммуникацияны игере қоймаған. Бұндай жәйт этносаралық қарым-қатынас кезінде де байқалып қалады.

Жанасыл Серікбол