Облыс қалаларындағы тұрғын үйлерге жылу бір уақытта берілуі керек. Қоғамдық кеңестің отырысында облыс әкімі Асайын Байханов осылай деді. Қазіргі уақытта тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Желілер жаңарып, қазандықтар жөнделуде. Өзге де жылыту құралдары сынақтар өтіп, алдағы қысқа дайындалуда. Жылу тұрғын үйлерге қазан айының басына қарай беріле бастайды.

Қоғамдық кеңес алдында облыстағы үш қаланың әкімі жылыту маусына дайындық жайын баян етті. Өткен қыстағы жағдайдан соң Екібастұздың жайы басты назарда. Тиісінше дәл осы қалада ала жаздай жөндеу жұмыстары жасалды. Әлі де жалғасып жатыр. Қазір 6 қазандық дайын.

Ал, Ақсу қаласында екі жылыту қазандығы 100 пайыз дайын. 15-қыркүйек күні үшінші қазандықтағы жөндеу жұмыстары аяқталады. Ал, төртінші қазандық 15-қазан күні жөнделеді. Тұрғынүй қорының жылу қабылдауға дайындығы осы аптада аяқталмақ. Сонымен қатар, 5,2 шақырым желі жөнделіпті. Қоғамдық кеңес мүшелері дәл осы жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты сұрақ қойды. Ал, Ақсу әкімі алаңдауға негіз жоқ екендігін айтты.

Қатал қыстың қаһары да алыс емес. Десе де, дайындық жұмыстары жаз бойы жүргізілді деді аймақ басшысы. Алаңдаушылық білдірген жұртшылықтың уәжі орын деп атап өтті.

Облыс бойынша биыл жиыны 40 бірлік жылыту құралдарын жөндеу жоспарланған. Оның 18-інде жұмыс аяқталды. Ал, 17-сіндегі жөндеу жұмыстары әр түрлі сатыда жүруде.

Жанасыл Серікбол