Ауыл шаруашығы саласының ардагерлері мен ғалымдары бас қосып, бүгінгі қордаланған мәселелерді ортаға салды. Айтуларынша, ауылдағы қарапйым шаруалардың жағдай күннен күнге қиындап барады. Ал, жердің құнарлылығы төмендеу деңгейі де жыл санап артуда.

Ардагерлері ауылдағы ағайынның жайы мазалайды. Ауыл халқы қолындағы аз ғана малымен күн көретіні белгілі. Алайда, соңғы уақытта жағдай қиындап барады. Жеке шаруаларға мемлекеттен ешқандай көмек көрсетілмейді. Субсидия алмайды, қолдарында техникалары да жоқ, ал, өнімдері арзанға сатылады. Сондықтан да ауылда мал ұстаушылар саны азайып жатыр.

Мойылжан Қанаев, ауыл шаруашығы саласының ардагері:

Ауылдың тұрып жатқан кісілер олар ата-бабамыздан бері мал ұстап келе жатқан кісілер ата-бабаларынан бері мал ұстап келген кісілер. Өмір бақи болмаған ауылда мал ұстамаған деген. Сондай сұмдық қазір болып жатыр. 30-40 процент халық ауылда мал ұстамайды. Оған не себеп, неге десеңіз личный подволья дейміз солардың бағасын өлтіріп алып жатырмыз. 100 теңгеден алып, жатыр 400 теңгеден сатып жатыр. Сонда ана кісілер қалай күн көруі керек?

Осы мәселені айтып ардагерлер министрліке дейін хат жазыпты, алайда, құзіретті мекеме алаңдауға негіз жоқтығын айтыпты. Аодагерлер мәселе бұл ғана емес деп отыр. Егістік, жайылым, шабындық жерлердің құнары азайып бара жатқандығын айтады.

Мойылжан Қанаев, ауыл шаруашығы саласының ардагері:

Жердің сапасы бәрі төмендеп жатыр. 40 процентке дейін төмендеген. Енді 10-15 жылдың ішінде түгел құриды деген сөз. Осыған ешкім мән бермей жатыр.

Бас қосуда ардагерлер өзге де мәселерді айттты. Сонымен қатар, мәселені шешеудің жолдарын да ұсынды.

Жанасыл Серікбол