Павлодар қаласында пара алған шенеунікке қатысты үкім шықты. Айыпкер Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі танылды. Толығырақ – келесі материалда.

Пара беру оқиғасы 2023 жылғы 9 тамызда орын алған. Павлодар қаласы, Кривенко көшесі 85 үйдің жанындағы автотұрақта Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаментінің инспекторы 50 000 теңге сомасында пара алды деген күдікпен ұсталған. Ол анасына әкімшілік іс бойынша айыппұлдың орнына ескерті түрінде әкімшілік жаза тағандауын сұраған. Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қаралды.

Сотта айыпкер өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізген. Сот үкімімен ол айыппұл төлеу түріндегі жазаны өтейтін болады.

Жұлдыз Қабылденова