Павлодарда шетелдік есірткі сатушылар ұсталды. Екі ер адам синтетикалық есірткіні сақтап, сатты деген күдікке ілінді.

Полицейлер шет ел азаматтарын ұстау барысында олардан ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакет тәркіленді. Ал ұсталғандардың телефонын тексеру кезінде де күдікті зат салынған екі пакеттің орыны анықталып, тәркіленді. Енді Түркия мен Ресей азаматтары 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Асан Нұрбаев, Павлодар қаласының прокуроры:

Қалалық прокуратураның жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 1987 және 1982 жылы туған шетел азаматтарын ұстады. Олар Түркия мен Ресей Федерациясының өкілдері. Олардан психотроптық заттың аналогтары және қаптама материалы тәркіленді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің 1,5 тармақтары бойынша тіркелді. Сот аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.