Дәл осы баспасөз жиынында депаратменті бастығы әлеуметтік желіде айтылған сынға жауап берді. Жасұлан Жұмашев азық-түлік мәселесінде ешқандай мәселе жоқғыны айтып. Қызметкерлердің қырын тоқ деді.

Шарбақты ауданында өрт сөндірушілерге іссапар төлемегені туралы хабарлама әлеуметтік желілерде таралған болатын. Еске сала кетсек, 15-шілдеде басталған тілсіз жаумен күреске 350-ден астам адам қатысқан еді. Департамент басшысы әлеуметтік желіде тараған шулы мәселеге қатысты тексреу жүргізілгенін айтып, бұндай мәселе болуы мүмкін еместігін айтты.

Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:

Тамақтану бойынша мәселесі болды деп айта алмаймын. Ондай ірі өрттер болған кезде мен өзім де сонда боламын. Сол азық-түлікпен тамақтанамын. 1986-жылдан бері қызмет етіп келемін. Ондай келеңсіздік болған емес. Сонымен қатар, қызметкерлер гигиеналық қажеттіліктермен де қамтылды.

Бұдан бөлек сыйақы берілгендігі де айтты. Жиын барысында қызметкерлерге берілетін бір күндік тағам түрлері де көрсетілді.

Жанасыл Серікбол