Облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен кезекті ашық есік күні өтті. Құқық қорғау саласының мамандары азаматтарға заң аясында көмек берді. Тұрғындар көкейіндегі сұрақтар қандай? Экранға зер салайық.

Әділет департаменті мамандары бұл жолы халыққа қызмет көрсету орталығына келген халыққа заңгерлік көмек берді. Тұрғындардың сауалдарына адвокат, сот орындаушысы мен нотариус қызметкерлері заң аясында тегін кеңес берді. Мамандардың айтуынша, түрғындар көп жағдайда алимент өндіруге қатысты сұрақтармен жүгінеді. Бүгінде бұл мәселе қоғамның басты дертіне айналғандай. Себебі, облыста алимент бойынша берешек сомасы 1 миллиард теңгеге жуықтаған.

Сұрақтарының заңды тетігін іздеп келген азаматтар жылжымайтын мүлікті тіркеу, сот орындаушыларының жұмысына қатысты сауалдарын қойды.

Нина Арсентьева, Павлодар қаласының тұрғыны:

Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталығына мәселемізді шешуге келдік. Бірқатар сұрақ бар еді. Келсек ашық есік күні өтіп жатқанын көрдік. Өзімді қызықтырған сұрақтарға толық жауап алдым.

Анатолий Арсентьев, Павлодар қаласының тұрғыны:

Пәтерді сату бойынша кеңес алып, құжаттарды тексеру бойынша сұрақтарымыз шешілді. Бәрі тамаша, мамандарға алғыс айтамын.

Ашық есік күніне келген барлық азаматқа құқықтық консультация берілді. Айта кетейік, ашық есік күндері облыстың аудандық бөлімдерінде де өткізіліп жатыр.

Ақмаржан Қалымбек