Өңірімізде энергетика саласы мен бұл бағытта еңбек ететін мамандар ерекше бағаланады. Екібастұздық Сейтжановтар әулетінің энергетика саласындағы жалпы еңбек өтілімі 175 жылдан асады. Қазір отбасының 11 мүшесі бір кәсіпорында еңбек етіп келеді. Энергетиктер биыл «Еңбек жолы» байқауында бақ сынауда. Біздің түсіріліп топ Сейтжановтар әулетімен жүздесіп қайтты.
Сейтжановтардың энергетика саласындағы еңбек жолы Екібастұз ГРЭС-2 станциясы бой көтерген уақыттан басталған. Отбасының үлкені өнеркәсіп нысанның құрылысына атсалысқан. 1994 жылы екінші энергоблок іске қосылғаннан кейін, ағайындылардың кішісі Қабиден Сейтжанов жаңа кәсіпорынның қызметіне кірісті. Бүгінде отбасының барлық мүшесі тағдырларын энергетика саласымен байланыстырған.
Жоламан Сейтжанов әкесінің жолын қуған. Станцияда 10 жыл еңбек етіп келеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін саланы таңдауға жақындары кеңес берген.
Әулеттің ұйытқысы Галина Исанова да энергетика саласы бойынша білім алған. Ең қызығы, тағдыр жолдасы Қабиден Сейтжановпен кәсіпорында табыстырған.
Галина Исанова, Қабиден Сейтжановтың Жары
Ең жақсысы – балаларыма алаңдаушылығым жоқ. Себебі, балам көз алдымда жүреді. Бір салада еңбек етеміз. Амандығы мен болашағына кәміл сеніммен жүремін. Себебі, біздің болашағымыз – осы кәсіпорында
Қабиден Сейтжанов еліміздің тұрақты дамуына үлес қосуды - басты ұстанымы деп біледі.
Қабиден Сейтжановтың барлық аға-інісі жылу электр станциясында еңбет еткен. Қазір екеуі зейнетте. Бүгінде еңбек әулеті айтарлықтай кеңейген. Бір әулеттің 11 адамын қара шаңырақ ғана емес, ортақ қызмет пен сүйікіті салаға деген махаббат байланыстырады.
Ақмаржан Қалымбек