Өңірдің жоғары оқу орындарының бірі Қытайдың Сиань қаласы колледждері мен университеттері арасында меморандумға қол қойды. Осы келісімнің арқасында Павлодарға аспан асты елінен академиялық ұтқырлық аясында студенттер келіп, білім алады. Бастапқыда олар тіл курстарынан өтеді. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Жоғары оқу орнына Қытайдан делегация келді. Олардың қатарында колледж және университет ректорлары бар. Екі жақ мәмлеге келіп, ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды.
Гүлвира Мұсабекова, Инновациялық Еуразия Университетінің ректоры:
Ол кісіліредің айтуынша бұл университет таңдағаны бүкіл ақпаратты жүйеде бүкіл Қазақстанның вуздары болды. Сол тізімнен мысалы университеттетің сайтына кіреді. Аккредитациясына қарайды басқа талаптарға қарайды. Сондықтан олар кішігірім университетке тоқтап отыр.
Келіссөз үш ай уақыт жүргізілді. Қытайдың Сиань қаласынан келген өкілі Ван Ган Павлодар университетінің жұмысына оң баға берді.
Ван Ган, Сиань қаласынан келген өкіл:
Бұл өте мәдениетті қала. Онда көптеген жоғары оқу орындары мен колледждер орналасқан. Біз қаламызды Қазақстанға танытқымыз келеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сианьға мамыр айында Қытай халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездескен уақытта көптеген келісімдерге қол жеткізілетінін жайында айтылған еді. Сондықтан бұл келісім ұзақ мерзімді ынтымақтастық болатынына үміттенеміз. Алдағы алты айда біз тыңғылықты жұмыс жасап, студенттерімізді Қазақстанға жібереміз
Меморандумның көкжиегі кең. Қытай делегациясының өкілдері өңір стдунеттерін Қытайға оқуға түсуге шақырып, грантта оқу мүмкіндігі туралы айтып берді.
Әйгерім Тоқпанқызы