Облыс орталығында «Батыл жүрек» әскери-патриоттық әндер сайысы өтті. Шара Павлодар облысының 85 жылдығы мен 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Толығырақ – келесі сюжетте.
Сайыс «Павлодар облысы мен Павлодар қаласының Ауған соғысының, жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өтті. Мұнда облысымыздың түрлі аудандарынан келген оқушылар мен студенттер патриоттық әндер орындап, сынға түсті.
Әзілхан Әбеуов, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы
Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс бойынша орындалуда бұл жұмыс. Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырмасы бойынша облыстың әкімшілігі қолдауымен өткізіп отырмыз. Негізгі мақсатымыз – еліміздегі жастарымыздың ішіндегі патиоттық сезімді көбейту. Ең жақсы, ең мағыналы орындаған баланы таңдап алып, сосын ары қарай оны үлкен жетістіктерге, республикалық деңгейге көтеруге тырысамыз.
Батыл жүрек» фестивалі облысымызда үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шарада ауған соғысы ардагерлері – батырларымыздың ерліктерін насихаттап, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту көзделген.
Төлеген Қоқымбаев, облыстық «ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» ққ басшысының орынбасары:
Жасөспірімдерде патриоттық сезім, өз елін сүю, білу... соны дамытып жатырмыз. Сол енді біздің жасөспірімдер бақытты болсын, дендері сау болсын, Отанымыз тыныш болсын, соғыс болмасын. Өз елінде, өз жерінде патриот болсын деп өткізіп жатырмыз.
Байқауға 40-қа жуық өнерпаз қатысты. Олардың барлығы іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, облыстық фестивальға жолдама алған. Дарынды жастардың өнерін ауған соғысының ардагерлері мен кәсіби музыка мамандары бағалады. Қазылар үміткерлердің ән айту шеберлігімен қатар, тақырыпты дұрыс таңдауы мен сахнада өзін ұстауына да мән берді.
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – жастарды отансүйгіштікке баулу. Сол себепті аталған шараның патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор.
Жұлдыз Қабылденова