Өңір тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Олар аула тазалап, ағаш отырғызып, қоғамдық орындарды күл қоқыстан тазартты. Осылайша аймақта тазалық марафоны басталды.

Бұл археологиялық тарихи «Қазқонақ» аймағы. Бұнда сенбілік аясында қоғам белсенділері мен экологтар септігімен 120 қарағай ағашы отырғызылды. Бірақ бұның бәрі жеткілікті емес. Бастысы, жасыл көшет тамыр тартқаны маңызды. Себебі, қылқан жапырақты ағаштарды күз уақытында ылғалдандырып, суару аса маңызды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Өсіру технологиясы бойынша күз мезгілінде көбірек суару керек. Сонда жер құнарлы, қатқан болады. Бұл арқылы ылғалды болмақ.

Жасыл желек қорын көбейтіп, баптап өсіру тыңғылықты еңбек. Экологтар облыс әкіміне өсіру технологиясын ұсынды.

Татьяна Пономарёва, «Берегиня» ҚҚ сарапшысы:

Себебі, көктемде ағаштарда жапырақ болмайды. Ылғал жоқ деген сөз. Ал қылқан жапырақты өсімдіктерде күн сәулесі түсе салысымен инелері булана бастайды. Сондай-ақ топырақта ылғалды қор болмаса, ол кеуіп, қурап қалады. Сондықтан бұл мәселені күзде шешу керек.

Бұдан кейін тазалық марафоны Геринг көшесінде жалғасты. 4-ші үйдің тұрғындары сенбілікке шығып, аула тазалады. Шаһар- ортақ үйіміз. Ортақ үйді күтіп ұстау баршаға міндет. Бірі есік әрлесе, енді бірі қүл қоқыстан тазартты. Өңір басшысы үйдің тұрғындарымен жүздесіп, мәселелерін тыңдады. Кейін тазалық марафоны Шарбақты жол тас жолы көпірі маңында жалғасты. Оған жастар, еріктілер, депутаттар мен мемлекеттік мекеме ұжымдары мен мектеп оқушылары қатысты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Осындай жас сана сезімдері жоғары жастарымыз көп болса, онда болашағымыз зор болады.

Жұмыла атқарылған жұмыстың нәтежесінде жиналған күл қоқыс техникаға түйіліп, арнайы полигонға жөнелтілді. Осылайша ортақ міндетті атқаруға баршасы белсенді ат салысты.