Сіз өз округіңізден сайланған депутатты білесіз бе? Білмесеңіз оны іздеп уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Бар болғаны 2 гис қосымшасын ұялы телефоныңызға жүктеу арқылы таба аласыз. Мұндай ұсынысты Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары енгізді.

Қазір көп адам жұмыс бастылықпен жүріп, өзің қай сайлау учаскесіне қарайтынын білмей жатады. Осынау олқылықтың орнын толтыру мақсатында қалалық мәслихат депутаттары 2 гис қосымшасына жаңа бір функция енгізді. Енді қосымша жүктеп алып, үйіңіздің мекен-жайын терсеңіз сіздің ауданыңыздан сайланған депутаттың телефон және ватсап номерлерін таба аласыз.

Серік Құсайынов, қалалық мәслихат депутаты:

Бұл идея тұрғындардың депутаттарды қалай табамыз деген сұрағынан туындаған болатын. Осыдан кейін біз сайлаушылармен байланысқа шығу үшін 2 гис қосымшасына қажетті ақпаратты енгізейік деп шештік. Бұны 2 гис компаниясы да қолдады. Сол үшін оларға алғысымызды білдеріміз.

Бұл бастаманы қалалық мәслихат депутаттары Қобланбек Қожин мен Серік Құсайынов бастаған. Олар үнемі сайлаушылармен байланыста болуды қалайды. Қазір Павлодар қаласында 248 мың адам депутаттарды қолдап дауыс берген.

Қобланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы:

2 гис приложениесіне кіріп, теретін болса, қай округке үйі жататынын көреді. Жанағы округте кім депутат екенін көреді. Ол жерде депутаттың жеке жұмыс телефоны көрсетілген. Инстаграм және ват желілері көрсетілген. Дептутат қандай жұмыс атқарып жатқанын көреді.

Қосымшада бұдан бөлек қаладағы ең өзекті сауалдарға жауап алуға болады. Мысалы, жылу маусымының қашан басталатынын да білуге мүмкіндік бар. Бұған бюджеттен бірде бір теңге жұмсалмаған.

Өзгеріс Қуанар, Ермек Сапаров